Ұлттық банкпен бірге Қазақстан қор биржасы да Астанаға қоныс аударуы тиіс. Сәтпаев көшесіндегі атақты бұл ғимарат енді бөлімше боп қалмақ. Ал Ұлттық банк қызметкерлеріне 2017 жылдың 1-ші қаңтарына дейін көшіп болу міндеттелген. Негізгі қаржылық институтсыз Алматының қаржы орталығына қалай айналары әзірше белгісіз. Айта кетсек, мемлекеттік мекемелердің арасынан Алматыда қалып қойған осы Ұлттық банк еді. Енді ұлы көшке әзірленіп жатқан бас банктің қызметкерлеріне Арқаның климатына үйренуге тура келеді.
Loading...