Ұлттық банк басшысы тамызда теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз маслихатында тамыздың басында теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді.

"Тамыздың басында теңе девальвациясы болуы мүмкін деген әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы қауесеттер мен жағымсыз жариялымдар әсерінен теңге бағамы жоғары ауытқулықты көрсетті. Іс жүзінде бағамның ауытқуын дәлелдейтін іргелі өзгеріс болған жоқ", — деді Данияр Ақышев.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта валюталық нарықта жағдай тұрақталған. Осылайша, 22 тамызға айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 333,8 теңге мөлшерінде қалыптасты.


Бүгін Қазақстан қор биржасында таңғы сауда бір доллар үшін 333 теңге мөлшерінде жабылды.