Ұлттық банк доллардың 9 маусымдағы бағамын белгіледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбіде доллардың ресми бағамы 433,45 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 8 маусымдағы ресми бағамы - 429,41 теңге.

Ресей рублінің 9 маусымдағы ресми бағамы 7,20 теңге болады.


Kurs.kz
 мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 432,61 теңге, сату - 436,72 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,46 теңгеден сатып алынып, 433,69 теңгеден сатылып жатыр.