Ұлттық банк «Күлтегін» жазбаларына арналған ескерткіш банкноттарды айналымға енгізді


Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, естелік банкноттың көлемі 134х70 мм, тиражы 10 мың дана.

Банкноттың бетінде «Қазақ Елі» деген жазу мен ұшып бара жатқан көгершіндер бейнеленген. Сол жағында Күлтегін мүсінінің бір фрагменті, жоғарғы жағында еліміздің мемлекеттік гербі мен жалауы, артында тасқа басылған түркі жауынгерлерінің бейнесі бедерленген.