Ал Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарының эмиссиясы ақпан айында қаңтар айындағымен салыстырғанда 15,3 процентке азайды. Ақпан айында Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарының арасынан 18,8 млрд. теңгеге үш жылдық МЕОҚАМ қағаздарын айналымға шығаруға бағытталған бір ғана аукцион өткізілді. Аталмыш құнды қағаздар бойынша аукционда қалыптасқан кірістілік көрсеткіші 3,82 процентті құрады.
Қаржы министрлігінің айналымдағы құнды қағаздарының көлемі бір айда 7,1 процентке өсіп, 268,6 млрд. теңгені құрады.