Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшетін болды

"Қазақстанның ұлттық банкіне 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұлттық банктің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз ету тапсырылды", - делінген жарлықта.

Ұлттық банктің Алматыдан елордаға көшірілетіні туралы бұған дейін айтылған болатын.


Осы жылдың қаңтарынан Қазақстанның ұлттық банкі қайта құрылды. Банктен жаңа дербес құрылым - қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлініп шықты.

Ұлттық банк секілді агенттік те Қазақстан президентіне тікелей бағынып, есеп береді.

Ұлттық банктің бас кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілсе, ал агенттік Алматыда қалады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстанның орталық банкінің штатынан 500 адам ауысты.