Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, монета 2008 жылғы 27 маусымда айналысқа шығарылды.
Монетаның беткі жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "50 ТЕҢГЕ" деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек пен шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ел астанасы Астана құрылысының белгілі үйлерінен коллаж бейнеленген. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде "АСТАНА 10 ЖЫЛ", оң жақта - қаланың онжылдық тарихының белгісі - астананың елтаңбасы бейнеленген. Монетаның сол жақ төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан орналастырылған.
Монетаның диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11,17 грамм. Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп, бедерленген. Таралымы - 50 000 дана.