Бұл туралы еліміздің бас банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұған дейін хабарланғандай, сәуір айының соңында Ұлттық банк белгілі бизнесмен Кеңес Рақышевқа БТА Банктің ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға рұқсат берген болатын.
«Самұрық-Қазына» қоры төрағасының орынбасары Елена Бахмутова сәуір айының басында берген сұхбатында К.Рақышев пен Қазкоммерцбанк БТА Банкті сатып алу туралы мәмілені екі айда аяқтайтынын хабарлаған болатын.
Жоспар бойынша, мәміле аяқталғаннан кейін Қазкоммерцбанк пен БТА біріктірілуі мүмкін.