Ұлттық банк «Қазкоммерцбанктің» жағдайына қатысты пікір білдірді

Ұлттық Банк Басқармасы осыған дейін «Қазкоммерцбанк» АҚ-қа банктің жүйелік маңыздылығын ескере отырып 400,8 млрд. теңге сомаға қысқамерзімді қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған болатын. Қарыз банк клиенттерінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында берілді.

«Бүгінгі күні банк өтімді активтердің жеткілікті көлеміне ие, бұл оған қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік берді. «Қазкоммерцбанк» АҚ Ұлттық Банкке бұрын бөлінген қаражаттың жартысын қайтарды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта банктерді капиталдандыруды ұлғайту банк секторының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк ағымдағы қадағалау процесі шеңберінде акционерлермен, оның ішінде «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың акционерлерімен капиталдандыру деңгейін арттыру жөнінде келіссөздер жүргізуде.