Ұлттық банк қоймадағы ақшаны термиттер жеп қойған деген сыбысқа түсініктеме берді

ҚР Ұлттық банкі "қоймадағы триллиондаған теңгені термиттер (қанатты жәндік) жеп тастаған" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды  Caravan.kz порталы zakon.kz--ке сілтеме жасап. 

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл - фейк, - деді zakon.kz редакциясына ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Интернетте термиттердің Ұлттық банктің қоймасындағы 2 трлн теңгені жеп, бүлдіргені туралы ақпарат пайда болған еді.