Ұлттық банк "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды деп жазды sputniknews.kz
Номиналы 50 000 теңгелік алтын (999 сынамалы) монетаның салмағы 1 килограмм тартады, диаметрі 100 миллиметр, таралымы 20 дана.
"Коллекциялық монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылданады, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады", - деп жазылған Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.