Ұлттық банк таяу уақыттарда сыртқы берешектер бойынша минималдық резервтік талаптарды 6%-ға дейін төмендетуді жоспарлауда

"Қажет жағдайда қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі. Бұл қазіргі минималдық резервтік талаптардың нормативтерін біршама төмендету мүмкіндігін білдіреді", -деді Б. Тәжияқов.

"Біз таяу уақыттарда сыртқы берешектер бойынша минималдық резервтік талаптарды 6%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің бағалауымызша, банктерге қосымша 100 млрд теңгеге дейін қолма-қол ақшаны босатып алуға мүмкіндік береді", - деді ол. Осы орайда Б. Тәжияқовтың атап көрсетуінше, "Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге ауқымды көлемде тікелей ұзақ мерзімді көмек беруден бас тартпайды".