Caravan Logo

Ұлттық банк төрағасы бірінші жарты жылдықта еліміз экономикасының доллардан арылу ағымының пәрмендене түскенін ерекше атады

Ұлттық банк төрағасы бірінші жарты жылдықта еліміз экономикасының доллардан арылу ағымының пәрмендене түскенін ерекше атады

Оның айтуынша, бұл бағытта ешқандай әкімшілік шара қолданылған жоқ, барлық процесстер экономикалық тәсілмен өзіндігінен жүріп жатыр.

Атап айтсақ, 2003-жылдың алғашқы жартысында еліміздің банк жүйесіндегі теңгемен салынған депозиттер көлемі 1,5 есе артып, 362,2 млрд. теңгеге жеткен, ал шетел валютасымен салынған депозиттер көлемі 6 процентке кеміп, 340,1 млрд. теңгені құрады. Осыған байланысты теңгемен салынған жалпы депозиттердің үлесі 51,6%-ке жетіп, ұлттық валюталық депозиттер көлемі 33%-ке дейін өсті. Тұрғындардың ұлттық валютамен салған жалпы салымдарының көлемі 292,5 млрд. теңгеге жетті.
Сондай-ақ, есепті мерзімде ұлттық валютамен берілген несиелер көлемі 1,5 есе өсіп, 317,6 млрд. теңгеге жетті. Ал шетелдік валютамен берілген несие көлемі небәрі 0,8%-ке өсіп, 464,2 млрд. теңгені құрады. Соның нәтижесінде теңгемен берілген несиелердің үлес салмағы 40,6%-ке дейін өсті.