Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Мұнай бағасы – болжап болмайтын мәселе. Соңғы он жылда оның 40 долларға дейін төмендегенін де, 150 долларға дейін көтерілгенін де көрдік. (...) Біз әзірге мұнай бағасында үлкен секіріс болады деп ойламаймыз», - деді ол сейсенбідегі брифингте.
«Мұнай бағасы айтарлықтай өзгеріске ұшырайтын болса экономикалық саясатымыз да соған қарап түзетіледі. Бірақ, әзірге ондай қауіп жоқ», - деп қосты Қ.Келімбетов.
Оның айтуынша, Қазақстанды Ресейге қарсы санкциялардың күшейтілу мүмкіндігі алаңдатып отыр.