Ұлттық банк тұрғындарды табыс табуға шақырды

Сондықтан Ұлттық банк өкілдері жасырын сақтаған қаражаты бар азаматтарды түгел жариялық шарасына қатысуға шақырады. Тіпті капиталды тиімді рәсімдеудің бірнеше тәсілі де ұсынылы отыр. Мәселен, екініші деңгейлі банктерде 5 жылға дейін ақшасын шотта сақтап, нарықтық мөлшерге сай сыйақы алуына болады екен. Немесе Ұлттық компаниялар мен жекешелендіруге үлескер ретінде қатысуына құқық берілген. Ең бастысы – заңдастырылған мүлікке сұрау салынбайды. Қаржы секторындағылардың болжамы бойынша, заңдастырудан экономикамызға 12 млрд. АҚШ доллары шамасында қаржы түспек. Елімізде мұндай науқан бұған дейін де екі мәрте жүргізілген еді. Осындай шарадан 2001 жылы 480 млн. доллар түссе, 2006-2007 жылдары 7 млрд. доллар заңдастырылған. Биылғы науқан келер жылдың 31-желтоқсанында аяқталады деп күтілуде.


Ерлан Ашықбеков, ҚР Ұлттық банкі төлем жүйелері басқармасының басшысы:

- Ал жылжымайтын мүлікке қатысты заңда бекітілген тәртібі бар. Арнайы сұрақтар бойынша атқарушы органдардан арнайы комиссиялар құрылады. Тізбесі, ережесі бар.