Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқармасы ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгертті. Ішкі міндеттемелер
бойынша 6% және өзге міндеттемелер бойынша 8% мөлшеріндегі қолданылып жүрген нормативтердің орнына ішкі міндеттемелер бойынша 5% және өзге міндеттемелер бойынша 7% деңгейінде жаңа нормативтер енгізіледі.