Ұлттық банктің Астанаға қоныс аударуы кезең-кезеңмен 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізіледі

Бүгін Астана экономикалық форумында  тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. 

«Жасалған шешімдердің бірі - ол  2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Ұлттық банктің кезең-кезеңмен қоныс аударуы. Яғни, екі жылдың ішінде біз тиісті инфрақұрылымды, ІТ инфрақұрылымын, басты кеңсені Астанаға көшіруге дайындалудамыз», - деді Келімбетов.

Алматы ұлттық ірі қаржы орталығы болып қала беретіндігіне тоқталған ол: «Менің ойымша, біздің ірі екі мегаполистердің осындай өзара толықтыруы барша еліміз бойынша қаржылық секторды дамытуға қызмет етеді», - деді.


Сонымен қатар Келімбетов «ЭКСПО-2017» көрмесіне салынатын бірқатар нысандардың бір бөлігі Ұлттық банкке берілетіндігін атап өтті.