Ұлттық бірыңғай тестілеу келесі жылы өзгеріске ұшырауы мүмкін

Онда Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі Айдос Әбдіхалықов Ұлттық бірыңғай тестілеуге артылған мақсаттар өте көп екендігін айтты.

«Бір ғана іс-шараға (ҰБТ-ға) бірнеше міндеттерді артып қойған. Бірінші - орта білім туралы аттестатты алу, екінші - жоғары оқу орындарына грант негізінде түсу, үшінші - ЖОО-ларға коммерциялық негізде түсу. Қазір осы шараны бірнеше бөліктерге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Келесі жылы сол өзгерістердің куәсі болуларыңыз мүмкін», - деді ол.

А.Әбдіхалықовтың айтуынша, 2012 жылдан бастап ҰБТ екі мақсатта өткізіледі. Алғашқысы, орта білім туралы аттестация алу үшін мектеп қабырғасында ғана өткізілетін тестілер, екіншісі ЖОО-ға түсу үшін ЖОО-ларда өткізілетін тестілік емтихандар.