Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Байқауды өткізу барысында түсінбеушілік болды. Ұялы операторлардың бірі дауыс беру барысында SMS-хабарлама үшін ақша алған. Біз бұл мәселені шештік. Барлық SMS тегін болуы керек. Ал ұялы оператор алған ақша халыққа қайтарылады», - деп жауап берді министр журналистердің сұрағына.
Айта кетейік, байқауға түскен жұмыстар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтына қойылған. Ал тұрғындар өздеріне ұнаған жұмыстарға «Brand #» (#- өзіне ұнаған жұмыстың нөмірі) деп жазып, 1414 нөміріне жібере алады.
Байқау осы жылдың 31 тамызында басталды. Конкурсқа 965 азамат қатысуға ниет танытқан.