Ұлттық дельфий комитетінің директоры ауруханадан табылды


Сәжида Сейітбаева Оралда өткен оныншы Ұлттық Дельфий ойындары аяқтала салысымен із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Оған тіпті полиция іздеу салды. Директордық жоғалғанына әсіресе оралдық кәсіпкерлер ерекше алаңдаған еді. Айтулы шараны өткізуге атсалысқандар еңбектерінің ақысын ала алмай, біраз шулағаны бар. Дегенмен, бүгін Дельфий комитеті қарызды алдағы бір-екі күнде қайтаруға уәде етті.