Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ, жалға берілетін үйлер салуға орасан зор қаражат бөлінді. Қазір біз жұмыс берушілермен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесін, соның ішінде, моноқалаларда тұрғын үйлер салу жайын талқылап жатырмыз. Үкіметке жасалатын ұсыныстың бірі осыған қатысты болмақ», - деді ол «Нұр Отан» партиясының мәжілістегі фракциясының аймақтық саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында.
Егер бұл ұсыныс үкімет тарапынан қолдау тапса шағын қалаларда мамандарға арналған үйлер салуға кірісеміз, дейді Қ.Өскенбаев.