Ұлттық экономика министрлігінің бес комитетіне басшы тағайындалды


Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтадан құрылған Құрылыс, тұрғын үй-шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне Қосман Айтмұханбетов жетекшілік ететін болды.

Сондай-ақ, Статистика комитетінің төрағасы болып Әлихан Смайылов, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігіне Серік Жұманғарин, Тұтынушылар құқын қорғау комитетіне Әлиақпар Мәтішев, Мемлекеттік материалдық резерв жөніндегі комитетке Асқар Сәду тағайындалды.