Ұлттық ғылыми медицина орталығына ұйқы ауруымен жатқызылған әйелдердің жағдайы жақсарды


деп хабарлады орталықтың директоры Абай Байгенжин.
Бұл туралы ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында айтты.
Оның айтуынша, орталықтың дәрігерлері оларды түгел қарап, әр пациенттің өзіндік бір созылмалы ауруы бар екендігін анықтады, оның ішінде ішкі органдардың, нерв жүйесінің әр түрлі дәрежедегі аурулары, қант диабеті.
"Жағдайлары жақсарғанмен, оларды толық сауығып кетті деп айта алмаймыз”, деді ол.
Орталықтағылар село тұрғындарының неліктен осы ауруға тап болғандарын білмейді. “Ықпал етуші бір фактор бар болар, бірақ дәл не екендігін біз білмейміз”, деді ол.
Алдында хабарланғандай, 5-қаңтар күні Астанаға аталмыш селоның үш тұрғын әйелі мен Ресейдің бір азаматшасы санавиа арқылы жеткізілген болатын.