"Инвестиция жұмсаудың абсты принципі - жеке меншік капиталмен әріптестікті жүзенге асыру арқылы Ұлттық инновациялық қор инновациялық қызметке жалпы көлемі 10 млрд. теңге болатын жеке инвестиция тартты. Соның ішінде инвестициялық жобаларға 4,5 млрд. теңге, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның қатысуымен құрылған отандық венчурлық қорларға 5,72 млрд. теңге тартты",- деді ол.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ жүктеп алған мндеттемелерден 1-қарашадағы жағдаймен 13,3 млрд. теңгенің жобалары іс жүзінде қаржыландырылды.
"Сөйтіп, бірінші кезеңде-ақ белсенді инвестиция жұмсауға кірісу арқылы Қазақстан үшін жаңаша болып табылатын бұл бизнесті қаржыландыруда пайдалы тәжірибе жинақтады",- деді ол.
Қ.Келімбетовтың хабарлауынша, грант негізінде ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру аясында қор осындай 32 жобаны қаржыландыруға міндеттеме алды. Оның жалпы сомасы 335,4 млн. теңгені, соның ішінде қордың қатысуымен 240,3 млн. теңгені құрады. Атап айтсақ, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мынадай бағыттарда қаржыландырылуда: биотехнология және фармацевтика - 170 млн. теңгеге 9 жоба, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар - 43,6 млн. теңгеге 6 жоба, химия - 37,2 млн. теңгеге 5 жоба, машина жасау - 33,5 млн. теңгеге 5 жоба, көмірсутегі технологиялары - 21,4 млн. теңгеге 3 жоба, баламалы энергетика - 14,3 млн. теңгеге 2 жоба.
Сонымен бірге қордың қатысуымен ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша 10 жоба аяқталды. Соның ішінде 6 жоба бойынша ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесіне қатысты мүліктік қарым-қатанастарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге Қ.Келімбетовтың айтуынша, "венчурлық индустрияны дамытуда ұлттық инновациялық қордан жұмсалған әрбір теңгеге жеке меншік инвестицияның 3 теңгесі келуде".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті