Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШОБ нысандарын тексеруге жарияланған мораторийді тағы жарты жылға ұзартуды ұсынып отыр

 Қазақстандық кәсіпкерлер ШОБ нысандарын тексеруге жарияланған мораторийді тағы 6 айға ұзартуды ұсынды.


«Көзге көрініп тұрған жақсы нәтижелерді және мемлекет басшысы айтқандай, алда қиын кезеңдер күтіп тұрғанын ескеріп мораторийді кем дегенде тағы 6 айға ұзартсақ, бұл ШОБ дамуына жағымды әсер етер еді», - дейді Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Артур Котенев.
Оның айтуынша, мораторий шыған және орта бизнес нысандарына оң ықпал етті.
«Тексеруші органдардың кәсіпкерлер табысын жасырады, заңға томпақ әрекет жасайды деген қаупі расталған жоқ. Бизнес өзінің мемлекетпен серіктестікке дайын екенін дәлелдеп берді», - деп атап өтті А.Котенев.
Оның айтуынша, биыл тексеру саны өткен жылмен салыстырғанда үштен бірге қысқарып, бюджетке түсетін табыс үштен бір есе артқан.
«Сауықтырылған компаниялар саны артты: Алматыда жұмыс істеп жатқан ШОБ субъектілерінің саны 105-ке жетті», - деді палата директоры.