Бұған дейін хабарланғандай аталған шара қыркүйектің 22-сінде басталды. Жобаның мақсаты - қазақ әдебиетіндегі құнды туындыларды насихаттау, жастарға рухани-патриоттық тәрбие беру, оқырмандарды кітап оқуға, кітапханаға тарту. Ағымдағы жылы төртінші рет өткізіліп отырған шара барысында жалпыхалықтық оқуға Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы таңдалды. Акция кітабы анықталған соң еліміздің барлық аймақтарында Ж. Молдағалиев шығармашылығымен таныстыру шаралары өткізілді.
Бүгін көз жанары бойынша 20 мүгедек осы бір шараға өз үлестерін қосты. Кітапхана қызметкерлері оларға Ж.Молдағалиевтің шығармашылығы, өмірі туралы баяндап, шығармаларынан үзінділер оқыды. Осыдан кейін байқауға қатысушылар Брайл жүйесі бойынша оқу және жазу шеберліктерін ортаға салды. Барлық конкурсқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.