Ұлттық компаниялар мен республикалық кәсіпорындардың жұмыс бағытына жатпайтын активтерінің 30-50 процентін бәсекелі ортаға беру көзделіп отыр

Министрдің айтуынша, қазір жұмыс екі бағытта жүргізілуде. Республикалық және жергілікті маңызы бар 4371 кәсіпорынның жұмысы зерттелу үстінде. Төрт жұмыс тобы олардың қайсысын бәсекелі ортаға беру қажеттігін саралап жатыр.

Екінші бағыт бойынша ірі ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың іс-қызметі зерттелуде. "Бұл орайда дау-дамай көп туындап отыр. Өйткені, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар еншілес компанияларын бергісі келмейді",- деді Қ.Келімбетов. Министрдің айтуынша, "бұл бағытта саяси қысым қолдануға тура келіп отыр".
Экономика министрі бұл ретте тек мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар төңірегінде ғана әңгіме қозғалып отырғанын ерекше атап өтті. Қ.Келімбетовтың айтуынша, "үкімет бәсекелі орта құру жайындағы өз нұсқауларын әзірлемек ниетте".