ХХ Қазақстан чемпионатының 2-турында да Алматы облысының спортшылары барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтуда. Олар «Ертіс-Қазхромды» (Павлодар облысы) 3:1, «Астана» мен «Алматыны» 3:0 есебімен жеңді. «Жетісу» волейболшылары бүгін енді «Қарағандымен» (Қарағанды облысы) күш сынасады. Сондай-ақ, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) пен «Металлург АМТ» (Теміртау), «Алматы» мен «Ертіс-Қазхром» өзара шеберлік байқасады.
18 желтоқсанда жалауы көтерілген бұл байрақты бәсеке жексенбі күні аяқталады. Алғашқы 4 күннің қорытындысы бойынша өз қоржындарына жетісулықтар - 9, астаналықтар - 7, қарағандылықтар - 6, павлодарлықтар мен теміртаулықтар - 4, алматылықтар мен өскемендіктер 3 ұпай қосты. 1-тур ойындарында «Жетісу» - 18, «Ертіс-Қазхром» - 15, «Астана» - 12, «Алматы» - 7, «Қарағанды» - 6, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» - 3, «МеталлургАМТ» 2 ұпай жинаған болатын.