Жарыстың алғашқы күні жұпсыз қалған олар кеше турнир кестесінде 2-орында келе жатқан астаналықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін енді үздік үштікті түйіндеп тұрған «Ертіс-Қазхром» командасымен кездеседі. Ал 6-сатыда тұрған теміртаулықтарды («Металлург АМТ») 3:0 етіп ұтқан павлодарлықтар, кеше көш соңында келе жатқан өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 3:2 етіп жеңгенімен қарсыласына 1 ұпай беріп қойды.
Бүгін енді алматылықтар теміртаулықтармен екінші ойынын, ал қарағандылықтар өскемендіктермен үшінші кездесуін өткізеді. Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша өз қоржынына «Қарағанды» мен «Ертіс-Қазхром» - 5, «Жетісу» мен «Астана» - 3 , «Алматы» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» - 1 , ал «Метталург АМТ» бірде-бір ұпай қоса алмады.