Ұлттық лигадағы алматылық волейболшы жігіттер 3-інші турда мүмкін болған жоғарғы 9 ұпайдың алтауын өз қоржындарына салды


Алғашқы 3 күнгі ойынның қорытындысы бойынша, ұпай жинау жағынан Павлодар облысының «ТНК «Қазхром» командасы алда келе жатыр. Олар 3 кездесуде де мүмкін болған ең жоғарғы 9 ұпайға қол жеткізді. Олар бұл сында турнир кестесінде көш бастап тұрған Алматы қаласының спортшыларын ойсыра ұтты. 13 қаңтар күнгі кездесуде ұпай жоғалтқан «Алматы» волейболшылары 6 ұпай жинады. Олардан кейін «Атырау» (5 ұпай), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (4 ұпай), «Конденсат» (3 ұпай), «Есіл» (2 ұпай) спортшылары келе жатыр. Жалпы, алғашқы 2 турда «Алматы» - 28, «ТНК»Қазхром» - 21, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) - 16, «Атырау» -12, «Есіл» (Қызылжар) -10, «Конденсат» (Орал) - 3 ұпай жинаған еді.