Ұлттық қауіпсіздік комитеті мына актерді аса қатыгездікпен тексеру керек - Айгүл Орынбек

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Заңгер, танымал блогер Айгүл Орынбек атер Дәурен Айдарқұловты қатыгездікпен тексеру керектігін айтып, жазба қалдырды. 

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті мына актерді аса қатыгездікпен тексеру керек деп ойлаймын!
Осылар өз өздеріне ие бола алмай жүріп, неге елге ақыл айтып шыға келеді?", деп жазды желіде. 

Заңгердің бұлай деп айтуына Дәурен Айдарқұловтың біртүрлі піркі себеп болған.

Еске салсақ, актер бұған дейін желідегі парақшасында “Менің ойымша, бұл мәтін оның сол жұма құтбасының жоспарында болған жоқ. Есімде болса, мен ешқашан тозаққа түскен адамдарды не күтіп тұрғаны туралы намазда қатты ескерту естіген емеспін. Азаптың жеңіл шолулары ғана. Бізде бәрі әрқашан қалыпты, жеңіл, ұқыпты. Олар бізді жұмақта не күтіп тұрғаны туралы көбірек айтады. Бірақ меніңше, біз, дала мұсылмандарына мейірімді әдістен гөрі, қатыгездік әдісі көбірек қолайлы сияқты”, – деп жазған болатын.