Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазгидромет басшылығын ұстады

Мемлекеттік метеоқызмет  — "Қазгидромет" РМК бірқатар лауазымды қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

Қызметкерлер 17 қаңтарда ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған. Яғни, лауазымды тұлғалар аса ірі көлемде пара алған. 

"Қазіргі кезде жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды" – деп жазылған комитеттің хабарламасында.