Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері сотталды


Ол жергілікті тұрғынды жұмысқа орналастыру үшін ақша сұраған. Ақтөбелік азамат бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің психологиялық сынағынан сүрінген екен. Өтпей қалған соң, оған кадр бөлімінің маманы көмек бермек болған. Мұрат Айтбеков алдымен 50 мың теңгені қалтасына басып, банктегі несиесін төлепті. Кейін қалған 125 мың теңгені алып жатқанда қолға түскен. Енді сотталып қана қоймай, оның дүние-мүлкі де тәркіленеді. Әскери шенінен айырылып, бұдан соң Қорғаныс саласында жұмыс істемейтін болады.