Ұлттық қауіпсіздікке қатысты құпия мәліметтер айтылатындықтан, отырыстың негізгі бөлігі жабық есік жағдайында өтті. Кеңеске күш құрылымдарының барлық жетекшілері, премьер-министр, қос палатаның спикерлері мен осы салаға жауапты шенеуніктер түгел шақыртылған. Қазақстан әлемнің бір бөлігі болғандықтан, ондағы өзгерістен тыс қала алмайды. Сондықтан жаһандағы гео-саяси жағдайдың шиеленісуі, Сириядағы қақтығыс, терроризмнің белең алуы, экономикалық тұрақсыздық пен әлеуметтік кикілжіңдер ресми Астананың жоспарына өзгеріс енгізуге мәжбүрлеп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті
- Геосаяси өзгерістерге байланысты еліміздің дамуы, екіншісі ұлттық қауіпсіздігіміздің жүйесін жаңғырту мәселелері екеуі де бір-бірімен байланысты . Өзгеріп жатқан дүниенің ішінде Қазақстан өз орнын тауып, өз қауіпсіздігін сақтауы үшін алдын-алу шараларын жүргізуі керек.