Ұлттық қор отандық машина жасау саласын қолдауға қомақты қаржы бөліп отыр

35 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов.
«2015 жылы отандық машина жасау саласын қолдау үшін Ұлттық қордан 35 млрд теңге бөлу көзделген. Соның ішінде – 20 млрд теңге автокөлік жасауға, 10 млрд теңге тікұшақ жасауға, 5 млрд теңге жолаушылар вагондарын шығаруға жұмсалмақ», - деді ол дүйсенбідегі брифингте.