"Мұнай саласының барлық кірісі 2007-жылы емес, 2006-жылдың ортасынан бастап Ұлттық қорға аударылатын болады. Бұл дегеніңіз, үкімет мұнайдан түскен кірістен қағылады деген сөз",- деді Н.Назарбаев. "Бұл - өңдеу секторының ролі мен маңызын, үкімет пен барлық облыс әкімдерінің жауапкершілігін арттырады. Өйткені, өңдеу өнеркәсібінсіз қарқынды даму болмайды, бюджет түсімдері де артпайды",- деді президент.
Мемлекет басшысы "Ұлттық қор ел экономикасын әртараптандырып, шикізатқа тәуелділіктен құтылу үшін қажет", деп атап өтті. "Ол қазіргі таңда да, болашақта да мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігіне кепіл бола алады",- деді президент.