Жол-көлік апатының салдарынан «Астана» командасының ойыншысы оның спорттағы кәсібіне кедергі болуы мүмкін ауыр жарақаттар алды. Бұл туралы "Время" газетінде жарық көрген «Аварийная ситуация» мақаласында жазылды.
Жол-көлік апаты Мәскеуде орын алды. Ол бұл уақытта Ресейде демалыста болған. «Астананың» 28 жастағы қорғаушысына көмек қажет болғаны жөнінде Фейсбуктегі парақшасына фубол агенті Евгений Ловчев жазды.
«Мен Мишамен бірге жұмыс істемеймін», - деді ол. - Бар болғаны оған демеу болып, қиын сәтте көмек көрсеткім келеді. Біз оған қандай көмек керек деп сұрағанда, қан тапсыру керек деді. Біз қазір қан тапсыруға бара жатырмыз.
Өткен маусымда Рожков өзінің клубында барлық матчтарды ауысымсыз өткізіп, 6 гол салды. Жамбасының сынуына және өзге де жарақаттарға байланысты ол өзінің командасына 2013 жылы көмектесе алатыны екіталай.
«Біз оқиға жайлы білгенде есеңгіреп қалдық. Мен өз басым Михаилдің апаттан кейін қайта қалпына келіп, аяққа тұратынына сенемін. Біз онымен үнемі байланыста жүреміз. Қазір ол басынан ауыр кезеңді өткеруде, клуб оған қажетті көмек көрсетіп, қолдау білдіруге дайын. Команданың ұжымы Михаилге тезірек жазылып кетуін тілейді. Рожковтың өз қалпына келіп, «Астана» мен Қазақстанның құрама командасы үшін ойнайтынына сенемін, - деді «Астана» командасының президенті Азамат Айтқожин.