"Ұлттық тестілеу орталығы" директорының бұрынғы орынбасары пара ретінде көлік алған


Оның өтемі ретінде аймақтарда бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру кезінде "ProBusineSS.kz" серіктестігінің мүддесін қорғауды өз мойнына алған. Сот бүгін оны кінәлі деп тауып, 7 жылға соттады. 

Бұл туралы Astana TV хабарлайды.

Ботагөз Баянова, Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы:

№ 2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Дархан Жақсыбеков қылмыстық кодекстің 366 бабының 3-ші бөлігі, 3 тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни ірі көлемде пара алғандығы үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.