ҰБТ тапсыру қарсаңында талапкерлердің ата-аналары нені білуі тиіс? Алдағы ҰБТ-ге моральдық тұрғыдан қалай әзірлену керек?
Осы да және басқа да сауалдарға «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбындағы республикалық ата-аналар жиналысында жетекші және кәсіби мамандар жауап табуға көмек береді. Жобаны «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қолдады.
Бұл туралы «Отбасылық тәрбиелеу институтының» баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық ата-аналар жиналысы 18 мамырда (жексенбі күні) еліміздің 17 қаласында бір мезгілде өтеді. Алдын ала деректер бойынша, оған 45 000 мектеп түлектерінің ата-аналары қатысушы болмақ. Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсетуге байланысты мәселелерді талқылайтын мұндай ауқымды жиналыс Қазақстанда алғаш рет өткізілмек. Өз кезегінде бұл жағдай біздің республикамызда теңдесі жоқ, жобаның бірегейлігі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Ата-аналар жиналысының қатысушылары үшін «Отбасылық тәрбиелеу институтының» жетекші мамандары тақырыптық бейнероликтер, жазбаша түрдегі (қазақ және орыс тілдеріндегі) үйрету сабақтары мен сауалнамалар әзірледі. Әр қатысушы «Отбасылық тәрбиелеу институтынан» кеңестер мен ұсыныстар жазылған жаднымаларға ие болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, 2014 жылы 154 ҰБТ өткізу пункттерінде 100 мыңнан астам мектеп түлектері тестілеуден өтпек. ҰБТ үстіміздегі жылдың 1-15 маусымы аралығында өтеді.