Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
10 қазандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 370,9 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны 368,47 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 34,8 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 368-369,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 11.09-да барреліне 84,7 доллар болды.