Ұлттық валюта 34 елдің валютасына қатысты 24,7%-ға әлсіреді

«2015 жылғы 10 айда нақты көрсеткіш бойынша теңге 24,7%-ға (34 елдің валюталарына қатысты нақты тиімді айырбастау бағамының индексі базасында) әлсіреді, ал 2014 жылдың басынан бастап 2015 жылғы қазан аралығында 20%-ға әлсіреді.
2015 жылғы 10 айда теңгенің Ресей рубліне қатысты нақты көрсеткіш бойынша (нақты айырбастау бағамы) 27,6%-ға әлсіреді. 2014 жылдың басынан бастап 2015 жылғы қазан аралығында рубльге теңесті (+0,5%).
Толығырақ мына кестеден біле аласыздар:

Кесте. Теңгенің нақты айырбастау бағамы индексінің өзгеруі

 Валюта

 2015 жылғы қаңтар- қазан

 2014 жылғы қаңтар - 2015  жылғы қазан

 Ресей  рубліне қатысты

 27,6%-ға әлсіреу


 0,5%-ға нығаю

 АҚШ долларына қатысты

 29,7%-ға әлсіреу

 36,5%- ға әлсіреу

 Еуроға  қатысты

 21,9%-ға әлсіреу

 20,8%- ға әлсіреу

 Қытай юаніне қатысты

 28%-ға әлсіреу

 34,2%-ға әлсіреу

 Беларусь рубліне қатысты

 2,9%-ға нығаю

 6,4%-ға әлсіреу

 Қырғыз сомына қатысты

 17%-ға әлсіреу

 19,3%-ға әлсіреу