Ұлттық валюта бағамы долларына 352 теңгеге дейін нығайды

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 356,9  теңгемен өтті. Максималдық құны 357 теңге болды, ал минималдық құны - 350,1 теңге. Сауданың жалпы көлемі 147,4 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 350 - 351,5 теңге аралығында. Астана уақытымен 11.20-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 78,7 доллар болды.