Ұлттық валюта құнсызданып доллар 30 теңгеге қымбаттап кетті

Доллар қымбаттады! Бұл – таңнан бері ел ішін дүрліктірген №1-ші тақырып болды бүгін. Яғни, қор биржасындағы сауда-саттықтың теңгемен жүрген айналымы құлдырап, АҚШ ақшасының қазақ волютасына шаққандағы бағамы 185 теңгеге теңелді.Ұлттық банк басшысы бұл жолғы девальвацияның 5 себебін айтып отыр.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Біріншіден, негізгі дамушы елдердегі ұлтық валюталардың құлдырауы. Екіншіден, Ресей рублінің құнсыздануы. Үшіншіден Қазақстандағы төлем балансының жайдайы. Яғни импорт көлемі өскен. Төріншіден экономика құлдырайды деген үреймен ақша айырбасының өсуі. Бесіншіден, инфляцияны төмендету үшін Ұлттық банк айырбас курсын қатаң қадағалаудан бас тартты.

Әрекетін осылай деп барынша ақтап баққан бас банкир қалай екені белгісіз, бірақ инфляция деңгейін 3-4 пайызға төмендетуді көздеп отыр екен. Ол үшін импорттан гөрі, экспортқа иек артуға, бизнесмендерге отандық өнімнің көлемін мейлінше ұлғайтуға кеңес берді.

-Сонымен, айырбастау бағамының соңғы көрсеткішіне сәйкес, қазір доллар құны: сатып алу - 183, сату - 185 теңгеге тең. - 2 теңге алшақтықпен. Ал еуро: сатып алу - 252,5 болса, сату – 255,5 теңгені құрауда. +/- 3 теңге айырмасымен. Ресей рублі: сатып алу 5 теңге, сату – 6,5 шамасында. Десе де бұл көрсеткіштің әлі де құбылуы ғажап емес. 

Ал көңілі алаң жұрт бүгін айырбастау бөлімдерін торуылдаумен жүр. Бірақ барлығы «айналымда ақша жоқ» деген желеумен есіктерін жапқан.  


-  Доллар жоқ!

- Кей жерлерде 200,210 сатып жатыр

-Босқа тамақ қымбаттайды, киім, шұлыққа дейін қымбаттайды ғой енді.

Десе де экономистер бұл девальвацияның басы ғана деген болжам жасауда. Олар жыл ортасында көк қағаздың құны тіпті 200 теңгеден арту қауіп бар деп отыр.

Петр Своик, экономист:

-Девальвацияның бұл көрсеткіші әзірге алдағы 3-4 айға ғана тұрақтылығын сақтайды. Сөйтіп, жаз маусымында теңге құнының екінші құлдыру кезеңін басталады. Міне, нағыз қымбатшылықты сол кезде көреміз.

-Құнсызданудың кесірі 6 айдан кейін қандай боларын қайдам, бірақ ахуалдың оңала қоймасы анық. Оның үстіне, алып-сатарлар да осы жағдайды өз пайладасына асырып қалуға ұмтылуы хақ. Бірақ бас банкир Қайрат Келімбетов оған жол бермеуге уәде етіп отыр.