Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 311,62 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 56 350 мың АҚШ доллар.
Есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі Т+0 теңгемен еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір еуроға 332,20 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 150 мың еуро болды.
Есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,5145 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 15 800 мың рубль болды.
Есептесуі теңгемен Т+1 Ресей рублі бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі теңгемен Т+1 қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 311,71 теңгені (-0,05 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 84 300 мың (-31 650) USD болды.