Ұлудың уынан ауру сездірмейтін дәрі жасауға болады - ғалымдар

Жалпы, жыртқыш ұлудың уы - конотоксин балықтарды ұзақ уақытқа қимылсыз қалдыру мақсатында қолданылады.  Сол конотоксинді ғалымдар  тәжірибелік дәрі-дәрмектерді жасауда пайдаланды. Квинсленд университетінің  қызметкері Дэвида Крэйктің айтуынша, аталмыш препарат әзірге тықшандарға қолданылған кезде ауруды басқан.

Осы орайда, маман теория жүзінде ол дәрінің қиын емделетін арулармен ауыратын адамдарға көп көмегі тиетін еді деп отыр.

Айта кетерлігі, тірі ағзалардың уы жүйке жүйесінің белгілі бір торларын оқшаулап тастайды. Сондықтан да олардың әсері морфина мен гидрокодон сынды ауру сездірмейтін дәрілерге қарағанда күштірек болып отыр.


Мамандар шамамен екі жылдан соң аталмыш дәріні адамдарға беріп, сынақтан өткізуді көздеп отыр.