"Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні

Ботагөз Қалдаяқова «Қазақ вальсінің королі» атанған композитордың хиттері үшін отбасына аз ақша төлейтініне өкпелі екенін мәлімдеді.

Мысал ретінде ол Қайрат Нұртастың әндерінің авторына төленген төлемдерді келтірді. Оның айтуынша, автор мәтіні үшін 1 миллион теңгеден алады. Ботагөз Қалдаяқова барлық танымал автор мұндай сыйақы алуы керек деп есептейді.

"2019 жылдан кейін төлемдер тоқтатылды. Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын пайдаланғаны үшін бір тоқсанға кеше 22 мың теңге алдық. Бұл әнұраннан бөлек, автордың 55 әні ұшін берілген қаражат. Өйткені қазір әнұран мемлекет меншігі болып табылады", - деді Ботагөз Қалдаяқова.

Осы тұста ол әділет министрлігіне Қазақстандық авторлық құқық қоғамының қызметіне тексеру жүргізуін сұрады.

"Өйткені біз осы мұрагерлеріміз (Қалдаяқовтың әндеріне авторлық құқық – ред. ескертпесі), аталған қоғам мүшесіміз, бірақ біз құқықты шектеп жатқанына наразылық білдіреміз", - деді ол.

Келесі жылы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы болады. 5 жылдан кейін 100 жылдық мерейтойын атап өтеміз.