Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция салуды одан әрі жалғастырады

Эндрю ханзаданың айтуынша, "Ұлыбитания тек Қазақстан экономикасына инвестиция салумен ғана шектелмей, қазақстандық жас мамандарды дайындауға, оларға болашақта әр саладағы жоғары кәсіби мамандарды өз бетімен дайындай білуге жағдай жасау үшін халықаралық деңгейде білім игеруге жәрдемдесетін болады ".

Осыған байланысты ханзада кеше Атырауда Ұлыбританияның сауда-инвестициялық өкілдігі ашылғанын еске салды.
Ол сондай-ақ, таяу уақыттарда Астанада Ұлыбритания елшілігінің өкілдігі ашылатынын, ал болашақта елшіліктің Астанаға біржола біржола қоныс аударатынын хабарлады.