Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-18-наурыз күндері Алматыдағы Алатау ауылында Ұлыбританияның сауда және өнеркәсіп министрлігі, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтының ұйымдастыруымен CNCP бағдарламасы бойынша жыл сайынғы конференция өтті.
CNCP бағдарламасының мақсаты - бұрын ядролық қаруды жобалау және оны өндірумен айналысып келген ғалымдар, инженерлер мен техникалық мамандар үшін азаматтық өнеркәсіп саласында тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатында Қазақстан, Ресей, Украина және Өзбекстан үкіметтеріне қолдау көрсету арқылы халықты жаппай қырып-жоюға арналған қарудың таралу қаупін қысқарту болып табылады.
Н.Шабаевтың хабарлауынша, конференция барысында ядролық физика институтының басшылығы қаржыландыруға 11 жоба ұсынған. Алайда, олардың арасынан Ядролық физика институтының жабдықтары базасында заттардың нейтрондық-активациялық талдауы, медициналық гидрогелді бинт өндіру және жабық радионуклидті көздерді өндіру тәрізді үш жобаны қаржыландыруға шешім қабылданды.