Ұлыбритания үкіметі мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Қазақстан мен Қырғызстандағы Омбудсман институтының 5 қызметкерін оқуға жіберді

Оқыту шарасы Литвадағы Омбудсман институтында жүзеге асырылмақ.

Оқыту бағдарламасы Қазақстан мен Қырғызстандағы Омбудсман институттарының адам құқығын бұзу саласындағы арыз-өтініштерді қарау, адам құқығын қорғау жөніндегі ұлттық институттар арасында аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша институт қызметкерлерінің потенциалын нығайтуға бағытталады.