Ұлыбританияда М.Әблязов ісіне қатысты куәгерлерді тыңдау басталды


Сотқа банк басшылығының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов және БТА Банктің Мәскеудегі өкілдігінің басшысы Ильдар Хажаев, сондай-ақ банкирлердің ақшалары өткізіліп отырды деп күдіктелген кипрлік Usarel компаниясының өкілдері қатыспақшы. Кеше ғана Англияның апелляциялық соты Мұхтар Әблязовты 22 айға түрмеге жабу туралы шешімді өз күшінде қалдырған болатын. Дегенмен, бұл шешім әзірше қағаз жүзінде ғана. Өйткені, Тұманды альбионнан ақпан айында із суытқан экс-банкирдің қайда екенін әлі күнге ешкім білмейді.